Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда борышкерлердің ыстық су беру шектеледі

Алматыда жылу энергиясы үшін көп миллиардтық қарыздарды сот арқылы өндіріп алу және толық өтемеген борышкерлерді ыстық сумен жабдықтаудан шектеу көзделуде.

Бүгінгі таңда пайдаланылып қойған ыстық су және жылыту үшін қарыздардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге жуық.

Бұдан былай Алматы жылу жүйесіне қарыздары бар бірнеше ондаған борышкерлер ыстық суды пайдалану мүмкіндігінен айрылады.

Борышкерлерге ыстық су беруді шектеу – мәжбүрлі шара. Кәсіпорын осындай іс-әрекеттерді қолдануға мәжбүр, себебі борышкерлердің жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлемеуі алдағы жылыту маусымын дайындауға және одан өтуге кері әсерін тигізеді.

Жыл сайын Алматы жылу жүйесі мегаполистің тұрғындары қыста жылусыз қалмау үшін тозған жылу желілерін жаңасына ауыстыру арқылы жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстарды атқарады. Бүгінгі таңда желілердің тозушылығы 56,1% құрап отыр. Апаттылықты азайту үшін жылытуаралық маусымның ішінде ескірген құбыржолдарды ауыстыру жұмыстарын жүргізу қажет, мұндай жұмыстар айтарлықтай мөлшерде шығын жұмсауды талап етеді. 

2025 жылдың басынан бастап Алматыда төленбеген шоттары үшін 363 абонент ажыратылып үлгерді. 3 339 борышкерге сотқа талаптар берілді. Берешегі бар 561 тұтынушыға мүлкіне тыйым салынды. 891 банк шотына шектеу қойылды. 128 азаматқа Қазақстаннан тыс шығуға тыйым салынды. Одан басқа, қарыз сомасы борышкерлердің жалақысынан және басқа да кірістерінен ұсталып отыр. 

Айта кетсек, берілген талаптарды соттың қанағаттандыруы және атқарушылық жазбаның жасалуы арқылы тұтынылған жылу энергиясы үшін берешектерді алу борышкердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, автокөлігіне, банк шоттарына тыйым салуды, мемлекеттен тыс шығуға шектеу енгізуді, барлық қызмет түрлеріне лицензияларын тоқтата тұруды және мемлекеттік органдарда құжаттарды рәсімдеуді көздейді. 

Одан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық қызметтер бойынша берешектің болуы (борышкерлер туралы ақпарат мемлекеттік кредиттік бюроның талабы бойынша беріледі) сондай-ақ кредит беру кезінде ескеріледі.

Мұндай шаралар тек қана ұзақ уақыт бойынша шоттарын төлемей жүрген борышкерлерге қатысты қолданылады. Ыстық суды ажыратқанға және сотта істі қарауға дейін компания өкілдері борышкерлерді берешек туралы хабардар етеді және профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. 

Қарыздарды өндіру тұрақты түрде жүргізілуде. ТОО «АлТС» қала тұрғындарын мүмкіндігінше тезірек берешекті өтеп, коммуналдық қызметтер бойынша төлемдерді уақытында жасауға шақырады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС