Алматыда Құрманғазы көшесінің екі учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Құрманғазы көшесіндегі уақытша шектеулер: Алматыда мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жолдың шөгуін жояды
Кепілдік міндеттемелері аясында жолдың шөгуін жою үшін Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс үш күнге ішінара шектеледі
2025 жылғы 11 сәуір сағат 09:00-ден 14 сәуір сағат 06:00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесінде, Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ Құрманғазы және Зенков көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Уақытша шектеулер мамандар анықтаған жылумен жабдықтау желілері астындағы асфальт жабындысының шөгуін жою мақсатында енгізілуде. Жұмыстар кепілдік міндеттемелері аясында мердігер ұйым тарапынан жүргізіледі.
Қозғалыс шектеулері туралы ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс Карталары» сервистерінде жарияланды.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және көрсетілген учаскені айналып өтуді алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.
