Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда Райымбек даңғылындағы учаскелердің бірінде қозғалыс бір түнге шектеледі

30 мамырдың сағат 23:00 бастап 31 мамырдың сағат 08:00 дейін Алматының Алмалы ауданында Райымбек даңғылының бойымен Емцов көшесінен бастап Н. Тілендиев көшесіне дейін шығыс бағытына қарай автокөліктер қозғалысы жартылай шектеледі. Батыс бағытына қарай қозғалыс ашық қалдырылады.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында 1982 жылы пайдалануға енгізілген магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС