Алматыда түнгі уақытта жылу желілерінде жөндеу жұмыстарына байланысты Сейфуллин даңғылынан Әл-Фараби даңғылына шығатын жолайрықтың бір бөлігі жабылады
Алматы қаласының Бостандық ауданында түнгі уақытта Сейфуллин даңғылынан оңтүстік-батыс бағытта Әл-Фараби даңғылына шығатын жолайрықта автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.
3 қазан сағат 22:00-ден 4 қазан сағат 08:00-ге дейін Бостандық ауданында көрсетілген жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік және оңтүстік бағыттардағы қозғалыс өзгеріссіз сақталады. Уақытша шектеулер магистральдық құбыр желісіндегі жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Еске саламыз, қозғалысқа енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және Яндекс карталары сервистерінде жарияланады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
