2025 жылдың маусым айының 9 мен 27 аралығында Алматының сегіз ауданының аумақтарында жылу желілері гидравликалық сынақтардан өткізіледі.
Магистральдық және таратқыш құбыржолдарды тексеру кезінде – күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы, жол төсемінің ішінара бұзылуы және басқа да оқиғалар сияқты штаттан тыс жағдайлар орын алуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіңіз және ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлаңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109.
Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі:
9 маусым
Алатау ауданы: Мөңке би — Б. Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.
9 маусымнан 20 маусымға дейін
Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Саин – Әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы — Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев;
Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы;
Орбита-1, 2, 3, 4 шағын аудандары – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов.
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.
10 маусым
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский — Рысқұлов – Сейфуллин.
Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, 2, 3, 4 шағын аудандары; Көкмайса шағын ауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодарская көшелерінің контурында.
10 және 11 маусым
Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені.
10 маусымнан 20 маусымға дейін
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Райымбек Куратова.
11 маусым
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.
Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданы – Серіков және Ратушный көшелерімен, сондай-ақ Рысқұлов, Жансүгіров, Тихов және Глазунов көшелерінің шекарасында.
11 маусымнан 12 маусымға дейін
Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік айналым – Бұрындай көшелері.
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н.Данченко.
Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.
Наурызбай ауданы: Жобаланып жатқан көше – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.
12 және 13 маусым
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов.
13 маусым
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы.
16 маусым
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.
Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мамбетов – ҮАК оңтүстік жағы.
16 және 27 маусым
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский.
Алмалы және Бостандық аудандары: Назарбаев – Тимирязев – Наурызбай батыр – Құрманғазы — Есентай өзені — Гоголь.
17 маусым
Әуезов және Алмалы аудандары: Төле би — Райымбек — Яссауи – Емцов; Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов.
18 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев, Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.
19 және 20 маусым
Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.
20 маусым
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
24 маусым
Алатау және Жетісу аудандары: ЖЭО-2 ЖЭО-1 бөгеті, Фариза Оңғарсынова — ҮАК Солтүстік жағы — Үлкен Алматы өзені – Сейфуллин.
Көрсетілген аумақтардың контурында тұратын тұтынушылардың барлығын ыстық сумен жабдықтау толықтай сақталады.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбыржолдардың күрделі учаскелерін айқындау үшін жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!