Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда жылу беретіндер «Қарызыңды өсімпұлсыз өте» акциясы жалғасуда

Қарызыңды өтесең өсімпұлды жоямыз» акциясының аяқталуына бір ай қалды.

Акция жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін қарыздарын айыппұлсыз өтегісі келетін тұтынушылар үшін ұйымдастырылған.

Естеріңізге саламыз, акцияның әрекет мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Акция іске қосылғалы бері өсімпұлды жою мүмкіндігін 1 959 борышкер пайдаланып үлгерді.

Өсімпұл төлемей, ақша үнемдеп қалу мүмкіндігінен басқа, бұл шара мүлікке, сондай-ақ банктердегі есеп айырысу шоттарына салынған шектеулер мен тыйымдарды осы жазалар қолданылған борышкерлерден алып тастауға мүмкіндік береді.

Акцияның қатысушысы болу үшін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін берешекті толық төлеу, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не пәтерге құқық белгілейтін құжаттарды, жеке куәлікті және төлегені туралы түбіртек көшірмесін (кассалық чекті) тіркей отырып жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.

Өсімпұл тек қана ыстық су мен жылыту үшін берешекті толық өтеген жағдайда жойылады!
Аталған құжаттармен бірге төмендегі мекенжайлар бойынша орналасқан Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚО) біріне жүгіну қажет:

  • «Батыс» ТҚО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» ш.а., 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, е-mail: batys@alts.kz;
  • «Орталық» ТҚО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көш., 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, е-mail: ortalyc@alts.kz;
  • «Шығыс» ТҚО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Төлебаев көш., телефондары: 341-05-32, 341-05-33, е-mail: shygis@alts.kz.
    ТҚО-на баруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттарды мына электрондық поштаға жіберуге болады: info@alts.kz.
    Берешек туралы ақпаратты немесе жылу энергиясы үшін есептелген төлемақы туралы ақпаратты сондай-ақ АлЖЖ-ң анықтама қызметіне: 341-07-77 нөміріне хабарласып алуға болады. Оған қосымша WhatsApp нөмірі жұмыс істейді: +7 (701) 027-11-20 (тек қана хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді).

Естеріңізге саламыз, берешекті төлемеген жағдайда төлемеген тұлғалар жылумен жабдықтау жүйесінен ажыратылады, ал қарыз сомалары мүлкі мен банк шоттарына тыйым сала отырып сот арқылы өндіріп алынады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС