Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде Алтынсарин даңғылы бойынша жол жүру ішінара шектеледі

26 шілдеде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында көлік қозғалысы Алтынсарин даңғылы бойынша №6 қалалық ауруханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта жабылады.

Алтынсарин даңғылындағы қозғалыс солтүстік бағытта ашық болады.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар»сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауды өтінеміз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС