Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматыдағы Клочков көшесінің бөлігінде 1978 жылғы құбырды ауыстыруға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелмекші

Алдағы жылу маусымына дайындық аясында Алматы қаласының Алмалы ауданында 1978 жылы пайдалануға берілген 172 метрге жуық жылу магистралі ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылдың 16 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Клочков көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта аутокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы шектелмек.

Шектеу аталған көше учаскесінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбыр учаскесінде жоспарланған жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмек. Жаңғырту жұмыстары жүргізілетін кезеңде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады.

Бұл жылу магистралі 3 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС