Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматылықтар жылу берушілерге 2 млрд-тан астам теңге қарыз

Алматы жылу жүйесі төлемей жүрген тұтынушылардан жылу энергиясы үшін миллиардтаған берешектерін сот арқылы өндіріп алуда. Осы үдеріс шеңберінде мүлік пен банк шоттарына шектеу қойылып, шетелге шығуға тыйым салынуда және қарызы толық өтелгенге дейін ыстық сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылуда.

Берешек туралы бірнеше рет ескертуге қарамастан, тұтынушылардың бір бөлігі коммуналдық қызметтерді жеткізушінің заңды талаптарын елемеуін жалғастырып жатыр. Ағымдағы жылдың басынан бастап Алматыда жеткізілген жылу энергиясын төлемеген 600-ден астам абонентті жылумен жабдықтау шектелді. Одан басқа, заңды тұлғаларға 3345 сотқа дейінгі наразылық жіберілді.

Жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін қарыздары бар 5184 борышкерден берешекті өндіріп алу жұмысы жүргізілді. Ол үшін соттарға арыздар түсірілді, сондай-ақ атқарушылық жазбаларды жасау үшін нотариустарға өтініштер жіберілді.

Бүгінгі таңда сот орындаушылары берешекті өндіріп алу бойынша шараларды жалғастыруда. Қызметтердің ақысын төлемеген 1 754 борышкерлерге қатысты шектеу шараларын қабылданып қойды:

— 926 борышкердің мүлкіне (жылжымалы, жылжымайтын) тыйым салынды;

— 822 банк шотына шектеу қойылды;

— 254 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс шығуға тыйым салынды;

— 144 азаматтың жалақысы мен өзге де кірістерінен берешек ұсталды.

Бүгінгі күні алматылық жылу тұтынушылардың пайдаланылып қойған ыстық су мен жылыту үшін жалпы берешегі 2 млрд теңгеге жуықтады.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, берешектің жиналуына жол бермеуге және жылумен жабдықтау қызметтерін уақтылы төлеуге шақырады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС