2023 жылғы 17-31 шілде аралығында Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің жай-күйін, жабдықтарын тексеру және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін гидравликалық сынақтар жүргізілетін болады.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде — күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар орын алу мүмкін: жер бетіне судың ағып шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы, т.б. мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық телефондары арқылы хабарлаңыз: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109.
Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі:
17 шілде
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек — Фариза Оңғарсынова көшелері.
17-18 шілде аралығында
Алмалы және Жетісу аудандары: Абылай хан – Бөгенбай батыр – Мұратбаев — Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов көшелері.
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин көшелері.
17-28 шілде аралығында
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов -Әл-Фараби;
Бостандық ауданы: Мирас шағын ауданы – Асқаров – Садықов — Орбита 1, 2, 3 шағын аудандары – Сайын -Рысқұлбеков – Розыбақиев – Ходжанов — Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков –Басенов көшелері;
Бостандық ауданы: Қазақфильм шағын ауданы – Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби — Алмагүл шағын ауданы;
18 шілде
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда көшелері.
18-19 шілде аралығында
Әуезов және Алмалы аудандары: Ұлықбек – Рысқұлбеков – Сайын — Үлкен Алматы өзені;
Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уалиханов – Әйтеке Би.
19 шілде
Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович – Данченко.
19-20 шілде аралығында
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Яссауи;
Алмалы ауданы: Шөкин — Қарасай батыр – Емцов –Райымбек даңғылы
19-21 шілде аралығында
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов — Гоголь.
20 шілде
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова Зерделі шағын ауданы.
21 шілде
Алатау ауданы: Аққайнар — Мамбетов кенті – БАҚ-тың оңтүстік жағы.
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчы.
24-25 шілде аралығында
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Қожамқұлов –Тимирязев — Розыбақиев.
24-26 шілде аралығында
Алмалы, Бостандық және Медеу аудандары: Гоголь – Курганская – Сатпаев – Чайковский.
25 шілде
Әуезов ауданы: Төле би — Райымбек — Яссауи – Емцов.
25 және 26 шілде аралығында
Әуезов және Алмалы аудандары: Төле би – Рысқұлов – Яссауи – Ислам Кәрімов.
25 және 27 шілде аралығында
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко –– Желтоқсан – Тимирязев – Байтұрсынов.
26 шілде
Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын-Алаш.
26 және 27 шілде аралығында
Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би – Сатпаев – Ашимов – Ислама Кәрімов;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
27, 28 және 31 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.
28 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Өтепов – Розыбақиев көшелері.
Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталатын болады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!