Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында екі көшедегі қозғалыс 1 қыркүйекке дейін жартылай шектеледі

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматы қаласының Бостандық ауданында 1984 жылы пайдалануға енгізілген 2,7 километрге жуық жылу трассасы ауыстырылады. Осыған байланысты қаланың екі көшесінде автокөліктер қозғалысы уақытша шектеледі.

10 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін Ходжанов көшесінің бойымен Гагарин көшесінен бастап Жароков көшесіне дейін, сондай-ақ Жароков көшесінің бойымен Ходжанов көшесінен бастап Дунаевская көшесіне дейін оңтүстік бағытта автокөлік қозғалысы шектеледі. Солтүстік бағыттағы қозғалыс екі бағытта ұйымдастырылады.

Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегменттерінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

Аталған жылу трассасы 97 көппәтерлі тұрғы үйдің, 12 жеке үйдің тұрғындары, 4 балабақша, 2 медицина мекемесі және 27 басқа да объектілер үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Ескертеміз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС