Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

АлЖЖ қызметкерлерін Республика күніне орай марапаттау

25-қазан күні атап өтілетін ұлттық мереке – Республика күнінің қарсаңында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС ағымдағы жылы ерекше көзге түскен және кәсіпорынның қызметі мен дамуына баға жетпес үлесін қосқан қызметкерлерді құттықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қаланы жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсырылды. Бұл марапаттар алматылықтардың үйлерін күн сайын жылумен және жайлылықпен қамтамасыз ететіндердің жетістіктерінің мойындалғанын дәлелдейді.

Кәсіпорын басшылығы бүкіл ұжымға, әсіресе жылыту маусымын дайындау және іске қосу кезіндегі қайсарлығы үшін алғысын білдірді.
«Сіздер – нағыз қаһармансыздар! Еңбектеріңіз көзге көрінбесе де, адам өмірі үшін маңызы зор. Істеріңізге адал болғандарыңыз үшін рақмет!» — деп «АлЖЖ» ЖШС-ң бас директоры жүрекжарды тілегін жеткізді.

Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!

2025 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС