Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

«АлЖЖ» ЖШС-ның бас директоры қайта құрылымдау жүргізілетін объектілерді аралады

Қайта құрылымдау — жылыту кезеңінен өтуге дайындық кезінде АлЖЖ алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Бұл іс-шаралар, ең алдымен, жылыту маусымындағы апаттардың алдын-алуға әсер етеді. Жұмыстар қаншалықты сапалы жүргізілсе, соғұрлым қыс мезгілінде жылумен жабдықтау сапасы жақсы және желілерде апаттар  болмайды. 
Алматы жылу жүйесінің бас директоры Рахимбетов Алтай қайта құрылымдау басталған 8 учаскеге барып қайтты. Объектілерді аралауға жылу желілерінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар жұмыстардың орындалу сапасы мен олардың уақтылы аяқталуына үлкен жауапкершілік жүктелген мердігерлік ұйымдар да қатысты. 
Мердігерлік ұйымдар басшыны жобалық құжаттамамен және жұмыстарды жүргізу үдерісімен таныстырып, түйінді мәселелер мен проблемалық мәселелерді талқылады. Мердігерлік ұйымдар басшыларының куәландыруы бойынша жылу желілерін қайта құрылымдау жұмыстары уақтылы аяқталады, бұл әрбір объектіде жұмыс жүргізудің бекітілген кестесінің сақталуымен расталады. 
Келесі жылыту маусымынан өту кезінде тәуекелдерді азайту мақсатында, күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі айқындалды. Мәселен, ағымдағы жылы Алматы қаласында 9,1 шақырымға жуық жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланып отыр.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС