Энергетиктер күнін атап өтуге орай Сорғы станцияларына қызмет көрсету жөніндегі цех бастығы Каныбеков Куралбай Бейсенбаевич «Ерен еңбегі үшін» жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттауға лайық деп табылды!
Бұл награда — көпжылдық қажырлы еңбегінің, жоғары кәсіпқойлығының және кәсіпорын жұмысына салған елеулі үлесінің мойындалғанын білдіреді.
Көпжылдық еңбегі мен кәсіпқойлығы шабыт береді, ал жетістіктері барлығымызға үлгі болып табылады. Денсаулық, береке және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!