Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Қыста жайлылығымыз кімнің қолында немесе үйлеріміздегі жылудың артында кім тұр

Жұмысшы мамандықтар жылымен ұштастырылған «Жылу жүйелері: адамдар және тарихтар» арнайы жобасы Алматы қаласының ең алыста орналасқан құрылыстарының өзін жылы ұстап тұруға себепші болып отырған бөлімшенің жұмысы туралы баяндап береді.

Алматы қаласының жылу жүйесі сорғы станцияларынсыз жұмыс істей алмайды: қаланың жоғарғы және төменгі бөліктерінің биіктіктерінің арасындағы айырмашылық қазіргі шекарасымен есептегенде 500 м жуық. Су жүйемен жоғары және төмен өздігінен айнала алмайды – сорғы станциялары осы үдерістерді реттеуге көмектеседі. Сорғы станцияларына қызмет көрсететін цех маңызды міндеттердің бірін орындайды: жабдықтарға қызмет көрсетеді және қыста тоқтап немесе ажырап қалмай үшін жылыту кезеңіне дайындайды.

Мегаполисті жылумен жабдықтаудың тұрақтылығын өз өмірін жылумен жабдықтау саласына арнаған адамдарсыз ұстап тұру мүмкін емес. Осындай кәсіпқойлардың бірі – 40 жылдан астам тәжірибесі бар, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС цехының бастығы, инженер Қаныбеков Құралбай Бейсенбаевич болып табылады.

«1984 жылы слесарь болып бастадым. Ол кезде тірліктің көбін қолмен істеу керек болатын. Ал бүгін болса біз заманауи жабдықтармен жұмыс жасаймыз, алайда қағидаттары баяғыдай – сенімділік, жауапкершілік және адамдарға жылу беру. Жай жұмысты жасау емес, біліміңді жастарға беру маңызды деп есептеймін. Біздің саламыз қарқынды әрі тұрақты болып қалу керек», — дейді ол.

Құралбай Бейсенбаевич Қазақ политехникалық институтын «жылу-газбен жабдықтау және желдету» мамандығы бойынша бітірген. Жас кезінің өзінде ол көзге көрінбейтін, бірақ бір де бір қала тіршілік ете алмайтын инфрақұрылымды құрудың қаншалықты маңызды екенін түсінген.

Ол өз мансабын сонау 1984 жылы «Алма-Атаэнергоремонт» ӨЖК ЖЭО-2 3-разрядты слесарь ретінде бастаған. Бірқатар техникалық және инженерлік лауазымдарды атқарғаннан кейін, сондай-ақ құрылыс компаниясында жұмыс істегеннен кейін ол энергетикаға оралды: шебер болды, содан кейін турбина учаскесінің бастығы лауазымын атқарды, ал бүгінгі таңда Сорғы станцияларына қызмет көрсету цехын басқарып отыр.

«Заманауи сорғы станциялары – бұл гидравликаның, автоматиканың және механиканың үйлесімі. Барлығы бір организм тәрізді жұмыс істеу керек. Қысқа дайындық кезінде біз барлық жүйелерді синхрондық сынақтар өткіземіз», — деп түсіндірді инженер.

Жыл сайын жаз уақытында бөлімше Алматы қаласы бойынша 68 сорғы станциясы мен 5 жылу пунктін дайындайды, оған қоса сыналы ысырмалардан бастап кері клапандарға дейін негізгі элементтерді ауыстырады.

«Шебердің жұмысы – бұл жай жөндеу ғана емес. Судың қалай ағып жатқанын, жылудың қалай айналып жатқанын түсіну маңызды. Сыртта плюс 30 немесе минус 20 болып жатса, жүйе оған орай қалай жұмыс істейтінін ұғыну керек. Бұны сезіну керек», — деп бөлісті инженер.

Оның ерекше мақтанышы – қала бедеріне сәйкес оңтайландырылған, биіктіктер айырымы 500 метрге жететін NSK және Grundfos жаңа сорғыларының тиімді енгізілгені.

 «Сорғы жай суды айдап қана қоймайды. Ол қысымның тұрақтылығын сақтап тұрады, температураға бейімделеді, беру жылдамдығын реттейді. Бұл инженерлік интеллект», — деп қосты ол. Оған қоса, ол – тәлімгер. Оны қарым-қатынастағы байсалдылығы және істі атқару кезіндегі қаталдығы үшін бағалайды. Ол талап етуді ғана емес, түсіндіруді де біледі, бақылауды ғана емес, қолдауды да біледі. Жастарды қолдау – оның жұмысының маңызды бөлігі. Тәжірибесін, техникалық білімін және еңбек мәдениетін үйрету – саланың тұрақты болашағының кепілі.

«Жас қызметкердің: «Енді жүйенің қалай жұмыс істейтінін мен де түсіндім» дегені мен үшін нағыз сый. Демек, мен ең бастысын жеткізе алдым».

Барлығы нақты және апатсыз жұмыс істеп тұрса, демек жүйе тіршілік етіп жатыр. Ал оның артында нақты бір адам тұр.

2024 жылы көпжылдық табанды еңбегінің, жоғары кәсібилігінің танылғаны және кәсіпорынның жұмысына қосқан орасан үлесі үшін Құралбай Бейсенбаевич жоғары мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Жұмысшы мамандықтар жылы біз көзге көрінбесе де, өмірімізді жайлы етіп жүрген адамдар туралы айтып бере алатынымызды мақтан тұтамыз.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС