ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өткізілді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында 2024 жылғы 27 ақпанда «Орталық» ТҚКО — да, 2024 жылғы 28 ақпанда «Шығыс» ТҚКО-да және 2024 жылғы 29 ақпанда «Батыс» ТҚКО-да «АлЖЖ» ЖШС СЖҚҚ қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу» бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.
Семинар-кеңес барысында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық көріністерінде маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту бойынша шаралар қабылданады және қабылдануда.
Семинар-кеңес барысында келесі ұғымдарға түсініктеме берілді:
- сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар;
- пара алу;
- пара беру;
- пара ұғымына не кіреді;
- пара алу және беру үшін жауапкершілік.