«Алматы жылу жүйесі» ЖШС тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген инвестициялық бағдарламаны және бекітілген тарифтік сметаны орындау туралы 2022 жылғы жыл сайынғы есеп бойынша жария тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды:
Табиғи монополия субъектісінің атауы: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Реттелетін қызметтердің түрі: жылу энергиясын беру, бөлу және тарату.
Табиғи монополия субъектісінің орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221.
Тыңдалымның өтетін күні мен орны: 2023 жылғы 25 сәуір сағат 16:00.
Жария тыңдаулар Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 221, 3-қабат, 319-кабинет мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жария тыңдауларды өткізу форматы туралы қосымша ақпарат Кәсіпорынның www.alts.kz сайтында орналастырылады.
Қатысу үшін тыңдаушылар тізімін қалыптастыру үшін алдын ала жазылудан өту қажет:
— мына телефон нөмірі бойынша: +7 (727) 341-07-00, ішкі 2201.
— мына электрондық мекен-жай бойынша: b.dyuskaliev@alts.kz
Қатысушыларды тіркеу тыңдау өткізілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.