Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Жұмысшы мамандықтар жылына ұштастырылған «Жылу желілері: адамдар мен тарихтар» арнайы жобасы Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы басты буындарының бірі – апаттық қызмет туралы әңгімелеп береді.

Жылу желілерінің апаттық қызметі – жылумен жабдықтау жүйесінің оқыс жағдайларға орай жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін маңызды бөлігі. Қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі осы жүйенің үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты.

Жамбыл Туменбаевтің жылумен жабдықтау саласындағы мансаптық жолы 2019 жылы Орталық ауданның жерасты жылу жолдарына қызмет көрсету жөніндегі слесарь лауазымынан басталған. 2020 жылы ол магистральдық жылу жүйелері жөніндегі шебер болып тағайындалды, ал 2021 жылдан бастап апаттық қызметті басқарып келе жатыр.

«Біздің – әсіресе жылыту маусымындағы – басты міндетіміз – тұрғындарды жылусыз қалдырмау, — деп бастады Жамбыл. – Біз – командалық жұмыстың бір буынымыз: жылуды тез ажыратамыз, ал іске қосу кезінде – жылу беруді жылдамдатып қалпына келтіреміз. Біз неғұрлым үйлесімді жұмыс істесек, үйлерге жылуды соғұрлым қайта бере аламыз. Жазда, жөндеу жұмыстары қызатын мезгілде ыстық суды басқа бағытқа ауыстырамыз». 

Апат туындаған жағдайда апаттық қызмет жұмыскерлері апат орнына барып, жағдайды ауыздықтайды және жұмысшылардың да, оқиға орнындағы тұрғындардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«Кей жағдайларда оқиғаның басы-қасында жүрген адамдар қауіпті жете бағаламайды. Тым жақын барып, бейнетаспаға түсіріп жатады. Тіпті апатты жойғаннан кейін де қауіп сақталады – топырақ шайылған болып шығып, адам шұңқырға құлап кетуі мүмкін. Біз адамдар жарақаттанып қалмау үшін әрдайым қоршау орнатамыз», — деп түсіндірді Жамбыл.

Апаттық қызмет диспетчерлік және пайдалану аудандарымен тығыз жұмыс істейді.

«Кейде тұрғындардың өздері де оқиға туралы хабарлау немесе көмек сұрау үшін хабарласады. Әдетте хабарламалар диспетчерлік қызметке, ол жерден – кезекші бригадаға келіп түседі. Егер зақым жер қазуды қажет етпесе және қол жеткізу оңай болса, оны бірден жөндейміз. Егер апат біздің желілерде болмаса – ақпаратты басқа қызметтерге жібереміз», — деп бөлісті ол.

Апаттық қызметте 4 бригада жұмыс істейді: біреуі – қаланың орталық бөлігінде, оңтүстікте, солтүстікте және солтүстік-батыста – бір-біреуден. Әрқайсысы өз ауданы үшін жауап береді, олар баруға уақыт аз кететіндей етіп орналастырылған.

«Әсіресе қыста әрекет ету уақытын азайту маңызды. Қарбалас сәттерде жету қиын – кептеліс кезінде әр минут маңызды. Сондықтан жолда бара жатып қай камералардың анағұрлым қолжетімді екенін, жылу жеткізгіштің қай жерін тездетіп жаба алатынымызды ойластырып барамыз», — дейді Жамбыл.

Бригаданың қиын болса да, маңызды міндеті – жылуды дер кезінде ажырату және қайта беру. Слесарьлардың жұмысы көбінесе «сыртта» қалады, алайда мегаполистің жылуы мен қауіпсіздігі нақ осыларға байланысты.

Апаттық қызметтің бастығына жүктелетін жауапкершілік көп: жұмыстардың барысын ұйымдастыру, қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету, бір командаға жиынтықтау және қажет болса, орнын басатын адам табу.

«Тәжірибесіз болмайды. Теория – бұл негіз, бірақ нағыз кәсіпқой тәжірибеде қалыптасады. Күрделі жұмыстан қорықпаңыздар – сауатты мамандар әрдайым сұранысқа ие және ең бастысы: жұмыс ләззат әкелу керек», — деп қорытты Жамбыл.

«Жылу желілері: адамдар мен тарихтар» жобасы жұмысшы мамандықтардың нағыз қаһармандарына – ауа-райы қандай болса да біздің жылуымыз бен жайлылығымыздың қамын жасайтындарға арналған.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

#ЖҰМЫСШЫМАМАНДЫҚТАРЖЫЛЫ2025

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС