Қазақстан, Алматы, Байзақов, 221

+7 (727) 341 0700
+7 (727) 341 0777

8:00 – 17:00
Дс – Жм

Жаңалықтар

2023-2024 жылыту маусымының аяқталуы туралы

Алматы қаласында жылыту маусымы 15 сәуірде аяқталады

Алматы қаласында гирдрометеорологиялық қызмет күнтізбелік бес күн ішінде тұрақты орын алған нақты сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты, қалалық әкімдік 15 сәуірден бастап 2023-2024 жж. жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады.
Тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйесінен өшіру келесі кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар, өзге де ғимараттар;
2) тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар, жатаханалар, қонақ үйлер);
3) әлеуметтік объектілер (балар, емдеу, мектеп мекмелері, кәсіби мектептер, медицианлық-әлеуметтік мекемелер).
«АлЖЖ» ЖШС абоненттің жылу қондырғылары мен «АлЖЖ» ЖШС арасындағы теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігін шекарасында өшіруді жүргізеді, пайдалану жауапкершілік шекарасынан тыс Тұтынушының басқарушы компаниясы (ПМИК/МИБ), ал ол болмаған кезде осы қызметтерді орындайтын ұйым абоненттің жылу пунктінде жылумен жабдықтауды өшіруді жүргізеді.
Жылу энергиясын есепке алудың жалпыүйлік аспаптарымен жабдықталмаған үйлерде тұратын жылу энергиясының тұтынушыларына жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес өткен жылыту маусымы үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу орындалатын болады, ол «Алсеко» АҚ түбіртек шотында 1 шілдеден кешіктірілмей көрсетілетін болады.

2024 © «Алматы жылу жүйесі» ЖШС